Бешамель тұздығы қосылған болоньезе лазаньясы

Артқа
Бешамель тұздығы қосылған болоньезе лазаньясы
Ингредиенттер:
  • Тілімделген Бистро Чеддер ірімшігі – 180 г
  • Сүт – 1 л
  • Зәйтүн майы – 40 мл
  • Сарымай – 50 г
  • Бидай ұны – 50 г
  • Сәбіз – 60 г
  • Ұнтақталған мускат жаңғағы – 0,5 г
  • Тұз – 0,05 г
  • Ұнтақталған қара бұрыш – 0,05 г
  • Тартылған ет – 500 г
  • Басты пияз – 40 г
  • Қызанақ – 200 г
  • Лазаньяға арналған қамыр – 200 г
  • Сарымсақ – 35 г
  • Сәбіз – 60 г

Пісіру:
1. Лазаньяға арналған қамыр дайындаңыз. Ет салмасы үшін пиязды ұсақтап турап, өсімдік майына қызарғанша қуырыңыз. Табаға тартылған ет қосып, дайын болғанша 10 минуттай қуырыңыз. Қызанақтың қабығын алып, оларды ұсақтап тураңыз немесе ірі үккішпен үгіңіз. Жаңа піскен қызанақтың орнына 2-3 қасық қызанақ пастасын қосуға болады. Қызанақты тартылған етке қосып, тағы 10 минут бұқтырыңыз. Дәміне қарай тұз және қара бұрыш қосыңыз. Масса бірыңғай консистенциялы болғанша қуырыңыз. Осы кезеңде барлық сұйықтықтың булануына жол бермеңіз. Дәмі тіл үйірерлік болу үшін қоспаға аздап сарымсақ қосуға болады. Дайын салманы  аздап салқындатыңыз.

2. Бешамель тұздығын дайындаңыз. Сүтке ұнтақталған сарымсақ қосып, жылытыңыз, бірақ қайнатпаңыз. Табаға сарымайды ерітіп, ұн сеуіп, біртекті массаға дейін тез араластырыңыз. Табаға жылы сүт қосып, қоюланғанша үзбей араластырып, баяу отта тұздықты дайындаңыз. Соңында ұнтақталған қара бұрыш, тұз және мускат жаңғағын қосыңыз. Лазаньяны пісіруге арналған қалыпқа әр қабатқа қамырдың үш қатпары келетіндей етіп жинаңыз. Қамырдың әр қабатына ет салмасының үштен бір бөлігін, бешамель тұздығының үштен бір бөлігін біркелкі етіп салып, Бистро Чеддер ірімшігінің бірнеше тілімімен аяқтаңыз.  

3. Пішінді фольгамен жауып, 180 градус температурада 15 минут пісіріңіз. Содан кейін фольганы алып, дәмді қабық түзілгенше тағы 5 минут пісіріңіз.

Басып шығару

В рецепте используется:
Тілімделген "Бистро Чеддер" балқытылған ірімшігі