Сүзбе ірімшігі және жұмыртқа қосылған, аджарша дайындалған хош иісті хачапури
артқа
Ингредиенттер
- Аспаздыққа арналған Hochland сүзбе ірімшігі – 150 гр
-
Бидай ұны -350 гр
-
Ашытқы – 10 гр
-
Су – 150 гр
-
Сарымай - 30
-
Өсімдік майы – 10
-
Қант – 2 гр
-
Тұз – дәміне қарай
-
Тауықтың жұмыртқасы – 2 дана
Сондай-ақ...

Дайындау
- 1.Жылы суға ашытқы, қант, тұз және өсімдік майын ерітіңіз. Бірте-бірте еленген ұн қосып, қамыр илеңіз. Бетін құрғақ сүлгімен жауып, 30 минутқа жылы жерге қойыңыз.
- 2.Көтерілген қамырды басып, тағы 15 минутқа қалдырыңыз.
- 3.Дайын қамырды ұн себілген үстелге жайып, шелпек жасаңыз, содан кейін қамырдың шеттерін ортасына қарай сәл бүгіп, шелпекті қайық пішінді етіп жасау керек.
- 4.Қайықты майланған противеньге салыңыз.
- 5.Жұмыртқаны бұлғауышпен аздап көпсітіңіз, аспаздыққа арналған Hochland сүзбе ірімшігі мен тұз қосып, тағы да жақсылап араластырып, қайықтың ортасына жұмыртқа-ірімшік массасын құйыңыз. Майлап, 200 градусқа дейін қыздырылған духовкада қызарғанша пісіріңіз.
- 6.Хачапуриді духовкадан алып, бірден сарымайды ірімшікке салыңыз, сонда ол ериді. Осылайша, қайығымыз нәрлі әрі жағымды кілегей дәмді болады, ол Hochland сүзбе ірімшігімен керемет үйлеседі.