Көкөніс қосылған хош иісті езбе-сорпа
артқа
- Гүлді орамжапырақ – 250 гр
- Кәді - 2 дана
- Сәбіз – 250 гр.
- Қызанақ - 4 дана
- блок түріндегі, кілегейлі Hochland балқытылған ірімшігі - 100 г.
- Пияз - 1 дана
- Сарымсақ-1 бөлік
- Сарымай - 1 ас қасық
- Сүт - 1 стақан.
- Қаймақ – дәміне қарай
- Райхан, ақжелкен - дәміне қарай

1.Алдымен гүлді орамжапырақтың гүлдерін бөлшектеп алыңыз, оны жуып, орамжапырақтың жартысын тұз қосылған суға шамамен 15-20 минут қайнатыңыз. Орамжапырақтың екінші бөлігін майға 20 минут бұқтырыңыз.
2.Содан кейін кәдіні бұқтырыңыз. Көкөністер жұмсаруы керек, шамадан тыс қуыруға болмайды.
3.Кішкене кәстрөлге сарымайды қыздырып, сарымсақ пен дәмдеуіш қосылған пиязды қуырыңыз. Содан кейін сәбіз, сүт қосып, қақпағын жауып пісіріңіз.
4.Бөлек ыдысқа райхан қосылған қызанақты бұқтырыңыз. Қоспаны қатты отта қайнатыңыз. Содан кейін отты азайтып, қақпағын жауып, 15 минут пісіріңіз.
5.Әрі қарай бұқтырылған көкөністерді блендерге салып, ұнтақтаңыз. Содан кейін сорпа қосып, тағы да бәрін жақсылап араластырыңыз. Содан кейін қайнаған суға балқытылған ірімшікті ерітіңіз. Соңында бәрін бірге мұқият қыздырып, дастарқанға қойыңыз. Дайын көкөніс сорпасына туралған көк шөп немесе пиязды қосуға болады.