Баварша дайындалған алма торты
артқа
Ингредиенттер
Аспаздыққа арналған Hochland сүзбе ірімшігі —400 гШЕЛПЕККЕ
- Сарымай —125 г
- Қант —80 г
- Бидай ұны—250 г
- Ванилин —1 шөкім
- Қант — 100 г
- Ванилин —1 шөкім
- Тосап —60 г
- Тауықтың жұмыртқасы —2 дана
- Алма—3 дана
- Қант—35 г
- Даршын—0.5 шай қасық
- Бадам (бадам "жапырақшалары") —60 г
Сондай-ақ...

Дайындау
- 1.Шелпекке: жұмсартылған сарымай, қант және ванильді крем тәрізді масса алынғанша араластырыңыз.
- 2.Ұн қосып, жақсылап араластырыңыз. Қамыр қаттылау болады.
- 3.Қамырды қалыпқа салыңыз (диаметрі 23-24 см), шеттерін шығарыңыз.
- 4.Шелпекке қалауыңызға қарай, кез келген тосап жағыңыз.
- 5.Крем дайындау үшін: Аспаздыққа арналған Hochland сүзбе ірімшігі, қант және ванильді біртекті масса алынғанша көпсітіңіз. Жұмыртқа қосыңыз. Әр жұмыртқаны қосқан сайын массаны қайта көпсітіңіз.
- 6.Шелпектің бетіне крем салыңыз.
- 7.Топпингке: алманы тазартып, орташа бөліктерге бөліп тураңыз. Оларды даршынмен және қантпен араластырып, крем жағылған қабатқа салыңыз.
- 8.Бадам "жапырақтарын" себіңіз, алдын ала 180 градусқа дейін қыздырылған духовкада 60-70 минут пісіріңіз.
- 9.Дастарқанға қояр алдында салқындатып, балғын даршынмен немесе қант ұнтағымен безендіріңіз.
- 10.Асыңыз дәмді болсын!