Ірімшік және аздап тұздалған ақсерке қосылған жұқа құймақ

артқа
Ірімшік және аздап тұздалған ақсерке  қосылған жұқа құймақ
Басты ингридиент
Hochland ыстық асқа арналған балқытылған ірімшігі тілімдеп кесілген, сан ет және қызыл бұрыш қосылған
Өнім жайлы ақпарат
Ингредиенттер

  • Бидай ұны - 200 г

  • Тұз – дәміне қарай

  • Тауықтың жұмыртқасы - 2 дана

  • Жұмыртқаның сарысы - 1 дана

  • Сүт - 500 мл

  • Қант - 2 қасық

  • Ақжелкен – 2–3 бұта

  • Сарымай (ерітілген), қамыр үшін - 25 г

  • Қуыруға арналған өсімдік майы - 2 ас қасық


Салмаға:


Дайындау

1.Ұнды елеп, қант, тұз, жұмыртқа және жұмыртқаның сарысын қосып, біртіндеп қыздырылған сүт қосып, қамырды миксермен көпсітіңіз, соңында ерітілген сарымай, ұсақтап туралған ақжелкен қосыңыз. Қамыр өте сұйық болса, аздап ұн қосуға болады.

2.Бірінші құймақты пісіру үшін табаны өсімдік майымен майлаңыз. Жақсы қыздырылған табаны тік бұрышта ұстап, аздаған қамыр құйып, табаны жан-жаққа айналдырыңыз, сонда қамыр оның түбіне біркелкі болып таралады.

3.Қуырылған құймақты қалақшамен аударып, қызарғанша пісіріңіз.

4.Ыстық дайын құймаққа 2 тілім Hochland салып, бірнеше жұқалап туралған, аздап тұздалған қызыл балық тілімін, қаймақпен араластырылған үгітілген аздаған ақжелкек және ұсақтап туралған аскөк салыңыз. Ораманы ораңыз.   

5.Өткір пышақпен екіге бөліп, жылы күйінде дастарқанға қойыңыз. Көк пиязбен және аскөкпен безендіріңіз.