Қытырлақ тауық еті қосылған бургер

артқа
Қытырлақ тауық еті қосылған бургер
Басты ингридиент
Hochland ыстық асқа арналған балқытылған ірімшігі тілімдеп кесілген, саңырауқұлақ және сүрленген етпен
Өнім жайлы ақпарат
Ингредиенттер

  • Тауықтың жон еті — 2 дана
  •  Жұмыртқа — 2 дана
  •  Ұн — 100 г
  •  Паприка — 1 шай қасық
  •  Сарымсақ ұнтағы — 1 шай қасық
  •  Кепкен нан ұнтағы — 100 г
  •  Өсімдік майы — қуыруға арналған
  • Плавленый сыр для горячих блюд Hochland — 6 ломтиков
  • Бургерге арналған тоқаш — 3 дана
  • Тұз, бұрыш — дәміне қарай

Салат дайындау және дастарқанға қою үшін:

  • Ақ қауданды орамжапырақ— 250 г
  •  Сәбіз — 1 дана
  •  Майонез — 2 ас қасық
  • Бал қышасы — 1 шай қасық
  • Лимон шырыны — 1 шай қасық
  • Салат жапырағы — дәміне қарай
  • Қызыл пияз (домалақтап) — дәміне қарай

3 үлесімге қажет ингредиент.

Дайындау
1.
Салат дайындау үшін орамжапырақ пен сәбізді ұзыншалап тураңыз. Майонез, қыша, лимон шырынын қосыңыз.
2.
Жон етті жаншыңыз, тұз бен бұрыш қосыңыз.
3.
Ұн, паприка, сарымсақ ұнтағын бөлек араластырыңыз.
4.
Тауық етін татымды қоспаға аунатып, көпсітілген жұмыртқаға малып, кептірілген нанға аунатыңыз.
5.
Қызарғанша қуырыңыз, дайын болуына бір минут қалған кезде ыстық котлетке ірімшік тілімдерін қосыңыз.
6.
Екіге бөлінген тоқаштың бір жағын құрғақ табаға қуырыңыз.
7.
Бургерді жинаңыз.