Саңырауқұлақ және картоп қосылған, жентектелген күркетауық еті

артқа
Саңырауқұлақ және картоп қосылған, жентектелген күркетауық еті
Басты ингридиент
«Аспаздыққа арналған» Hochland сүзбе ірімшігі, 400 гр.
Өнім жайлы ақпарат
Ингредиенттер
Дайындау
  1. 1.Егер дайындау үшін құрғақ саңырауқұлақ пайдаланылса, оларды алдын ала ыстық суға салып қою қажет.
  2. 2.Картопты тазалап, шала піскенше қайнатыңыз.
  3. 3.Саңырауқұлақты шағын кесектерге бөліп тураңыз. Пиязды майдалап тураңыз.
  4. 4.Өсімдік майында саңырауқұлақты 3 минуттай қуырыңыз. Содан кейін саңырауқұлаққа пиязды қосып, оны қызарғанша қуырыңыз.
  5. 5.Саңырауқұлақ пен пиязға Аспаздыққа арналған Hochland сүзбе ірімшігін қосып, алынған қоспаны тағы 5 минут бұқтырыңыз.
  6. 6.Дайын қоспаны салқындатыңыз.
  7. 7.Күркетауықты ағып тұрған сумен жуыңыз.
  8. 8.Картопты ұсақтап, төртбұрыштап тураңыз.
  9. 9.Күркетауықты картоп, бетіне саңырауқұлақ қоспасы сияқты қабаттармен жентектеңіз, осылайша тағы екі рет қайталаңыз.
  10. 10.Күркетауықты тігіп, оған өсімдік майы мен асқатықтар қоспасын мұқият үйкелеп жағыңыз.
  11. 11.Духовканы алдын ала 160 градусқа дейін қыздырыңыз. Күркетауықтың ұшасын противеньге салып, түбіне 100-150 мл су құйыңыз.
  12. 12.Күркетауықтың көлеміне байланысты 3-3,5 сағат пісіріңіз. Жарты сағат сайын күркетауыққа еріген май құйыңыз.

БАСҚА РЕЦЕПТІЛЕР