Кәді және сүзбелі ірімшік қосылған саңырауқұлақ паштеті
артқа
Ингредиенттер
- Аспаздыққа арналған» Hochland сүзбе ірімшігі —150 г
- Кәді – 500 г
- Жаңа піскен саңырауқұлақтар – 350 г
- Түйінді пияз – 1 дана
- Сәбз – 1 дана
- Сарымсақ – 2 түйір
- Мускат жаңғағы – дәміне қарай
- Карри – дәміне қарай
- Ұнтақталған кориандр – дәміне қарай
- Ұнтақталған қара бұрыш – дәміне қарай
- Тұз – дәміне қарай
- Петрушка немесе укроп – 1/2 сабағы
- Қуыруға арналған өсімдік майы
Сондай-ақ...
Дайындау
- Кәдіні ірі үккіштен өткізіп, тұздаңыз. Кәдіні елекке салып, сұйықтығы ағып кету үшін жарты сағатқа қалдырыңыз.
- Саңырауқұлақтар мен пиязды ұсақтап тураңыз. Сәбізді үккіштен өткізіңіз.
- Пиязды мөлдір болғанша қуырып, сәбіз қосып, тағы бірнеше минут қуырыңыз. Саңырауқұлақтарды қосып, сұйықтық толығымен қайнатылғанша пісіріңіз.
- Кәдіні сығып, бірнеше минут өсімдік майымен бұқтырыңыз.
- Сұйықтық буланған кезде майдалап туралған аскөк пен сарымсақты қосыңыз.
- Саңырауқұлақтар мен кәді салқындаған кезде бәрін бірге блендерде ұсақтаңыз. «Аспаздыққа арналған» Hochland сүзбе ірімшігін қосып, тағы ьр рет ұсақтаңыз.
- Қызмет көрсетпес бұрын, тостталған нанның кесектерін дайындалған пастаға жайып, көкпен безендіріңіз.
- Асыңыз дәмді болсын!