Сүзбе ірімшігінен жасалған крем қосылған капкейктер
артқа
Ингредиенттер
Аспаздыққа арналған Hochland сүзбе ірімшігі — 250 гСарымай — 100 г
Жұмыртқа — 2 дана
Қант — 150 г
Ұн — 280-300 г
Қопсытқыш — 1 шай қасық
Ванилин — 1 шай қасық
Тұз — бір шөкім
Сүт — 1/2 стақан
Қара шоколад — 100г
КРЕМ
Аспаздыққа арналған Hochland сүзбе ірімшігі — 250 г
Қант ұнтағы — 80 г
Сарымай — 50 г
Сондай-ақ...

Дайындау
- Жұмсақ сарымайды қантпен көпсітіңіз. Алынған массаны көпсітуді жалғастыра отырып, жұмыртқаны бір-бірден қосыңыз.
- Бөлме температурасындағы сүтті қосып, мұқият араластырыңыз. Ұнды елеп, қопсытқыш, ванилин, тұзбен араластырыңыз. Дайын қоспаға қосыңыз.
- Қамырға үгітілген қара шоколад қосыңыз. Талғамыңызға қарай басқа шоколадты да қолдануға болады.
- Қамырды кекстерге арналған қалыптарға салып, әр қалыптың 2/3 бөлігін толтырыңыз.
- Дайын болғанға дейін (шамамен 25-30 минут) алдын ала 190 градусқа дейін қыздырылған духовкаға пісіріңіз.
- Крем жасау үшін қант ұнтағы мен аспаздыққа арналған Hochland сүзбе ірімшігін араластырыңыз. Қант ұнтағының мөлшерін қалауыңызға қарай өзгерте аласыз.
- Кремді тоңазытқышқа 30 минутқа қойыңыз.
- Салқындаған кекске крем жағыңыз. Жидектермен немесе жалбыз жапырақтарымен қосымша безендіруге болады.
- Асыңыз дәмді болсын!