Картоп көмеші

артқа
Картоп көмеші
Басты ингридиент
«Аспаздыққа арналған» Hochland сүзбе ірімшігі, 400 гр.
Өнім жайлы ақпарат
Ингредиенттер
  • Аспаздыққа арналған сүзбе ірімшігі — 200-300 г
  • Картоп — 800 г
  • Сарымсақ — 3 бөлік
  • Балғын жебіршөп (жапырақтары) — 1 шай қасық
  • Ұнтақталған пармезан (немесе кез келген басқа қатты ірімшік) — 150 г немесе дәміне қарай
  • Тұз, қара бұрыш — дәміне қарай
  • Зәйтүн майы — 3 ас қасық
  • Тауықтың жұмыртқасы — 3-4 дана
  • 100 г калориялылығы — 162 ккал
Дайындау
1.
Картопты тілімдеп тураңыз.
2.
Сүзбе ірімшігін жұмыртқа, зәйтүн майы және жебіршөп қосып, көпсітіңіз. 100 г пармезанды тұз, бұрыш және жебіршөппен араластырыңыз.
3.
Қалыпты зәйтүн майымен майлап, картоптың ⅓ бөлігін қалыпқа салыңыз. Оның бетіне сүзбе қоспасының ½ бөлігін салыңыз. Осы қабаттарды тағы қайталаңыз.
4.
Қалған картопты салып, сүзбе қоспасын жаймалаңыз. 180 °C температурада 40-50 минут пісіріңіз.
5.
Дайын болуына 5 минут қалғанда пармезан сеуіп, қызарғанша пісіріңіз.

БАСҚА РЕЦЕПТІЛЕР