Сиыр еті мен саңырауқұлақ және ірімшік тұздығы қосылған картоп салаты
артқа
Ингредиенттер
- Аспаздыққа арналған Hochland сүзбе ірімшігі – 50 гр.
- 15% қаймақ – 30 мл
- Сиыр еті – 50 гр.
- Саңырауқұлақтар – 20 гр.
- Көк пияз – 10 г.
- Картоп пісірілген – 30 гр.
- Өсімдік майы – 15 гр.
- Айсберг салаты– 20 г.
- Тұз, бұрыш дәміне қарай
Сондай-ақ...

Дайындау
- Қайнатылған картопты қабығынан тазартып, ұзыншалап тураңыз, жыртылған салат жапырағын, майдалап туралған жасыл пиязды, тұз, бұрыш қосып араластырыңыз.
- Табада туралған сиыр етін аздап қуырып, екіге бөліп туралған саңырауқұлақтарды, содан кейін Хохланд сүзбе ірімшігін, қаймақ, тұз, дәміне қарай бұрыш қосып, араластырыңыз да, тағы 3 минут пісіріңіз.
- Саңырауқұлақтар мен ірімшік тұздығы қосылған шырынды ет тұздығын картоп салатына салыңыз, бәрін асықпай араластырыңыз да, үйме етіп табаққа салыңыз.
- Салатты көк пияз және қара бұрышпен безендіріңіз.