Тауық еті және сүзбе ірімшігі қосылған кесадилья
артқа
Ингредиенттер
- Аспаздыққа арналған Hochland сүзбе ірімшігі - 80 г
- Бидай тортильясы - 1 дана
- Ақжелкен - 5 г
- Қызанақ - 20 г
- Басты пияз - 15 г
- Тұз - 2 г
- Тауықтың төс еті - 40 г
- Өсімдік майы - 10 мл
- Кетчуп - 30 мл
- Сарымай - 10 г
Сондай-ақ...

Дайындау
- 1.Өсімдік майына тауықтың төс етін алдын ала қуырып, салқындатып, төртбұрыштап тураңыз.
- 2.Тәрелкеге шелпекті салыңыз, бетіне сүзбе ірімшігін жағыңыз, бетіне туралған қызанақ, қуырылған пияз, тауықтың төс етін және ұсақтап туралған ақжелкен салыңыз.
- 3.Тортильяны екіге бүктеп салып, сарымайға 2 жағын қызарғанша қуырыңыз.
- 4.Дайын тортильяны тақтайға салып, теңдей 3 бөлікке кесіңіз.
- 5.Кесадилья дайын. Дастарқанға кетчуппен бірге қойыңыз.