Шоттағы көк ірімшікпен үйлесімдегі сүзбе ірімшігі негізіндегі және ірімшік тұздығындағы «крудите»

артқа
Шоттағы көк ірімшікпен үйлесімдегі сүзбе ірімшігі негізіндегі және ірімшік тұздығындағы «крудите»
Басты ингридиент
«Аспаздыққа арналған» Hochland сүзбе ірімшігі, 400 гр.
Өнім жайлы ақпарат
Ингредиенттер
  • «Аспаздыққа арналған» Hochland сүзбе ірімшігі – 100 гр
  • көк зеңді ірімшік (дор блю немесе рокфор ) – 50 гр
  • 33 % қаймақ – 50 гр
  • укроп – 5 гр
  • петрушка – 5 гр
  • жалбыз – 5 гр (қалауыңызға қарай)
  • балдыркөк сабағы – 3 0гр
  • тәтті болгар бұрышы – 30 гр
  • қияр – 30 гр
  • сәбіз – 30 гр
  • шалқан – 30 гр
  • дәміне қарай тұз, бұрыш
Дайындау
  1. Қалың түбі бар табада қаймақты қыздырып, сүзбелі және көк ірімшікті қосып, дәміне қарай тұз бен бұрыш қосып, бәрін біртекті қоспа болғанша араластырыңыз, қайнауға дейін жеткізіңіз, бірақ қайнатпаңыз. Майдалап туралған аскөкті қосып, қойып қойыңыз. Бұл біздің крудитемізге арналған тұздық.
  2. Жуылған және дайындалған көкөністерд жіңішкелеп кесіңіз, олардың ұзындығы орташа адамның сұқ саусағындай болуы керек.
  3. Шоттар немесе қысқа стақанға аскөк қосылған хош иісті ірімшік тұздығын құйып, тігінен туралған көкөністерді салыңыз.
  4. Қалған аскөкпен безендіріп, дастарханға ұсыныңыз.

БАСҚА РЕЦЕПТІЛЕР