Сүзбе ірімшігі қосылған тауық еті котлеттері
артқа
Ингредиенттер
- «Аспаздыққа арналған» Hochland сүзбе ірімшігі – 100 г
- Тауықтың жон еті (ақ және/немесе қызыл ет) – 300 г
- Ақ пияз – 1 дана
- Сарымсақ – 10 г
- Жұмыртқа – 1 дана
- Ақжелкен – 20 г
- Сарымай – 50 г
- 20% кілегей – 50 г
- Тұз
Сондай-ақ...
Дайындау
- Тауықтың жон етін орташа бөліктерге бөліп тураңыз.
- Пиязды тураңыз.
- Тауықтың төс еті, пияз, сарымсақ және жұмыртқаны блендерге салып, тартылған ет дайындаңыз.
- Сүзбе ірімшігін блендерде ақжелкенмен және кілегеймен араластырыңыз.
- Тақтайға котлет жасап, әрқайсысының ішіне сүзбе ірімшігі, кілегей және көк шөптен дайындалған салма салыңыз.
- Котлетті орташа отта қуырыңыз.
- Дастарқанға қояр алдында көк шөп қосып, сүзбе ірімшігінен дайындалған кнельмен безендіріңіз.