Балқытылған ірімшік қосылған паштет

артқа
Балқытылған ірімшік қосылған паштет
Басты ингридиент
Балқытылған ірімшік кілегейлі, 200 гр.
Өнім жайлы ақпарат
Ингредиенттер
Дайындау

1. Күнбағыс майын қыздырылған табаға құйып, үлкен пияз сақиналарын салыңыз, оларды аздап қуырып, майдалап туралған болгар бұрышын қосыңыз.

2. Бауырды жуып, табаға салыңыз. Орташа отта шамамен 10 минут піскенге дейін тұздап, қуырыңыз.

3. Суытыңыз. Бауырды бұрыш пен пиязбен бірге блендерге салыңыз, қара ұнтақталған бұрыш, балқытылған ірімшік, томат пастасын, қаймақ қосыңыз.

4. Барлық ингредиенттерді біртекті консистенцияға дейін ұсақтаңыз. Дайын паштетті тәрелкеге салыңыз. Жаңа піскен нанмен бірге ұсыныңыз.