Саңырауқұлақ қосылған кілегейлі-ірімшік тұздығындағы паста

артқа
Саңырауқұлақ қосылған кілегейлі-ірімшік тұздығындағы паста
Басты ингридиент
Балқытылған ірімшік кілегейлі, 50 гр.
Өнім жайлы ақпарат
Ингредиенттер
  • Қозықұйрық — 250 г
  • Сарымсақ — 2 бөлік
  • Құрғақ ақ шарап — 80 мл
  • Итальяндық шөптер — 1 шай қасық
  • Ұн — 1 шай қасық
  • Қыша — 1 шай қасық
  • Лимон шырыны — 1 шай қасық
  • 33% кілегей — 250 мл
  • Hochland балқытылған ірімшігі — 50 г
  • Тұз, бұрыш — дәміне қарай
  • Пісірілген паста — 600 г
  • Зәйтүн майы — қуыруға арналған
  • Балғын ақжелкен — дастарқанға қояр алдында
Дайындау
1.
Майға ұсақтап туралған сарымсақ пен саңырауқұлақ тілдімдерін қуырыңыз (5 минут). Саңырауқұлақты ыдысқа салыңыз.
2.
Табаға шарап, итальяндық шөптер, ұн, қыша, лимон шырынын қосыңыз.
3.
Консистенциясы біртекті болғанша араластырыңыз.
4.
Кілегей, ірімшік қосып, тағы араластырыңыз
5.
Тұздықты қайнатыңыз да, 2 минут бұқтырыңыз.
6.
Тұздыққа саңырауқұлақ қосып, қажетті консистенцияға дейін бұқтырыңыз.
7.
Тұз, бұрыш қосып, дәмін келтіріп, пастаны қосыңыз. Араластырып, 1 минуттай дайындаңыз.
8.
Ыстық пастаны ұнтақталған ақжелкенмен безендіріңіз.