Үгілмелі алма бәліші

артқа
Үгілмелі алма бәліші
Басты ингридиент
Сузбелі ірімшік кілегейлі 140гр.
Өнім жайлы ақпарат
Ингредиенттер

  • Сарымай - 110 г.

  • Қант ұнтағы - 90 г. және салмаға 70 г.  

  • Жұмыртқа - 3 дана

  • Кілегей - 1 ас қасық

  • Ұн - 250 г.

  • Қопсытқыш - 1 қаптама

  • Алма - 1 кг.

  • Кілегейлі Hochland сүзбе ірімшігі - 140 г.
  • Шоколад, ваниль – дәміне қарай


Дайындау
  1. Қамыр илеу үшін қант ұнтағын жұмыртқамен араластырыңыз.
  2. Ерітілген сарымай, кілегей қосып, араластырыңыз.
  3. Қопсытқышпен араластырылған ұн қосыңыз.
  4. ездетіп жұмсақ қамыр илеңіз. Қалташаға орап, тоңазытқышқа 30 минутқа салыңыз.
  5. Осы кезде салма жасау үшін Hochland сүзбе ірімшігін қант ұнтағымен және ванильмен араластырыңыз.
  6. Жұмыртқаның сарысын қосып, араластырыңыз. Ақуызды барынша көпіргенше жеке көпсітіңіз де, абайлап салмаға қосыңыз.
  7. Қамырды қалыптың түбіне және қабырғаларына біркелкі етіп салыңыз. Беткі қабатын шанышқымен тесіңіз.
  8. 180 градус духовкаға 10 минутқа салыңыз.
  9. Қаңылтыр қалыптың түбіне тазартылған және туралған алма тілімдерін салыңыз.
  10. Ұнтақталған шоколадты көбірек себіңіз.
  11. Сүзбе-ірімшік салмасын құйыңыз.
  12. Духовкаға 15-20 минутқа салыңыз.
  13. Бәлішті толықтай салқындатып, қалыбынан алып, үлесімдерге бөліп тураңыз.