Салями, бекон, қызанақ, зәйтүн және ірімшік қосылған пицца

артқа
Салями, бекон, қызанақ, зәйтүн және ірімшік қосылған пицца
Басты ингридиент
Hochland ыстық асқа арналған балқытылған ірімшігі тілімдеп кесілген, сан ет және қызыл бұрыш қосылған
Өнім жайлы ақпарат
Ингредиенттер

Қызанақ тұздығы:

  • Өз шырынына салынған қызанақ немесе дайын қызанақ тұздығы - 120 г

  • Балғын жасыл райхан - 1-2 бұта

  • Тұз, қант –  дәміне қарай

  • Зәйтүн майы - 10 мл

Өзіңіз жасайтын қамыр үшін:

  • Бидай ұны - 300 г

  • Ауызсу - 120 мл

  • Теңіз тұзы – дәміне қарай

  • Зәйтүн майы – 20 мл

  • Балғын ашытқы – 3 г


Дайындау

1.Дайын қамыр алсаңыз болады, қамырды үйреншікті рецептіңіз бойынша немесе біз ұсынған рецепті бойынша жасасаңыз болады:  

Үлкен ыдысқа суық су құйып, ашытқы қосып, толық ерігенше араластырыңыз. Суға біртіндеп ұн қосыңыз, бұл ретте қамырды қолмен аздап араластырып, кесектерін толық ерітіңіз. Тұз қосып, араластырыңыз. Ұнның қалдығын қосып, мұқият араластырыңыз, өсімдік майын қосып, илеңіз.


Қамырдың консистенциясы біртекті болып, қолға жабыспайтындай болғанша  үстелде илеуді жалғастыра беріңіз.


Қамырды күлшелеп, дымқыл сүлгімен жабыңыз. Қамырды бөлме температурасында 1-2 сағатқа қалдырыңыз, күлшенің көлемі 2 есе ұлғаяды.  

  1. Қамырды оқтаумен жұқалап домалақтап жайыңыз, оған қызанақ тұздығын құйып, қамырдың бетіне біркелкі етіп жағыңыз.

  2. Hochland тілімдерінің жартысын тұздыққа салып, содан кейін салями, бекон, қызанақ домалақтары мен зәйтүн қосыңыз. Бетіне қалған Hochland тілімдерін салыңыз. 240-250 ˚С-қа дейін алдын ала қыздырылған духовкада 10 минут пісіріңіз.

  3. Балғын райхан жапырақтарымен безендіріңіз.