Сүзбелі ірімшік роллдары
артқа
Ингредиенттер
- «Аспаздыққа арналған» Hochland сүзбе ірімшігі – 100 г
- Сушиға арналған дөңгелек дәнді күріш – 1 тостаған
- Су – 2 тостаған
- Күріш сірке суы – 2 ас қасық
- Тұз – 1 шай қасық
- Нори балдыры – 2 дана
- Қияр – 2 дана
- Краб таяқшалары – 150 г
Сондай-ақ...

Дайындау
- Сушиге арналған дөңгелек дәнді күрішті кем дегенде 5 рет, су мөлдір болғанға дейін шайыңыз.
- Қиярды қабығынан аршып, ұзын кесектерге кесіңіз.
- Күрішті қайнатыңыз, оған сірке суын құйыңыз.
- Суши төсенішіне нори балдырларының бір данасын салып, үстіне күріш салыңыз.
- Күріш қабатына шетінен сүзбе ірімшігін, оның үстіне туралған қияр мен краб таяқшаларын салыңыз.
- Нори, күріш және салмадан ұзын орам жасаңыз, оны роллдарға бөліңіз.
- Роллдарды васаби, маринадталған имбирь, соя тұздығымен беруге болады.