Бахтах қосылған ірімшік сорпасы
артқа
Ингредиенттер
- Блок түріндегі, «кілегейлі» Hochland балқытылған ірімшігі - 100 гр.
- бахтахтың жон еті – 250 гр.
- картоп – 2-4 дана
- сәбіз -1 дана
- басты пияз – ½ дана
- қозықұйрық – 100 гр.
- лавр жапырағы – 1 дана
- сарымай – 20 гр.
- қара бұрыш, көк шөп – дәміне қарай
Сондай-ақ...
Дайындау
1.Көкөністер мен саңырауқұлақты тазалап, тураңыз.2. 2-2,5 литр су қайнатып, картоп қосыңыз.
3.Сарымайға пияз, сәбіз және саңырауқұлақ қосып қуырыңыз.
4.Картопқа қуырылған көкөністерді қосыңыз. Картоп дайын болғанша пісіріңіз.
5.Балқытылған ірімшік қосыңыз.
6.Ірімшік ерігеннен кейін тұз, бұрыш қосып, лавр жапырағын қосыңыз.
7.Бахтахтың жон етін кішкентай кесектерге бөліп, сорпаның дайын болуына 5 – 7 минут қалғанда қосыңыз.
8.Дастарқанға қояр алдында көк шөп себіңіз.