Сытный мясной жульен в булочке

артқа
Сытный мясной жульен в булочке
Басты ингридиент
Блок түріндегі, ыстық тағамдарға арналған, кілегейлі-ірімшікті Hochland «Сорпа және тұздық» балқытылған ірімшігі
Өнім жайлы ақпарат
Ингредиенттер

  • Шошқаның төс еті — 300 г
  •  Бекон — 100 г

  •  Балғын қозықұйрық — 500 г

  • лок түріндегі, ыстық тағамдарға арналған, кілегейлі-ірімшікті Hochland «Сорпа және тұздық» балқытылған ірімшігі — 50г
  • Басты пияз — 1 бас
  •  20% кілегей— 600 мл

  •  Бидай ұны — 3 ас қасық

  •  Ашымаға домалақ тоқаштар — 10 дана

  •  Тұз, қара бұрыш, мускат жаңғағы — дәміне қарай

  •  Өсімдік майы – қуыру үшін



Дайындау
1.
Қозықұйрықты ұсақтап, төртбұрыштап тураңыз. Пиязды турап, өсімдік майына аздап қызарғанша қуырыңыз.
2.
Шошқаның төс етін төртбұрыштап, ал беконды ұзыншалап тураңыз. Бәрін пияз бен саңырауқұлақ қосылған табаға салыңыз. Жақсылап араластырыңыз.
3.
Жылы кілегейді құйыңыз. Содан кейін ұн, тұз және дәміне қарай дәмдеуіштер қосыңыз.
4.
Балқытылған ірімшікті тұтас салыңыз. Ол толығымен ерігенше күтіңіз.
5.
Салма барынша қоюланғанша оны баяу отта бұқтырыңыз.
6.
Тоқаштың бетін, жұмсағын алып тастап, салма салып, бетін жауып қойыңыз.
7.
Дастарқанға қояр алдында жульен қосылған тоқашты микротолқынды пешке қыздырыңыз.