Балқытылған ірімшік қосылған тарталеткалар

артқа
Балқытылған ірімшік қосылған тарталеткалар
Басты ингридиент
Балқытылған ірімшік шошқа етімен, 100 гр.
Өнім жайлы ақпарат
Ингредиенттер
Дайындау
1.Алдымен асжапырақты жуып, аздап кептіру керек. Оны ұсақтап, табаға салыңыз. Жұмсарғанша 3-5 минуттай бұқтырыңыз.
2.Сонымен қатар үшбұрыш түріндегі, ветчина қосылған Hochland балқытылған ірімшігін орташа немесе ұсақ үккішпен үгіңіз.
3.Шұңғыл ыдысқа жұмыртқаны жарып салып, бұлғауышпен аздап көпсітіңіз. Бір шөкім тұз және балқытылған ірімшік қосыңыз. Массаны біртекті болғанша мұқият араластырыңыз.
4.Суыған асжапырақты да осы ыдысқа қосыңыз.
5.Тағы да араластырып, массаны тарталеткаларға салу керек. Дәміне қарай бұрыш қосыңыз.
6.Противеньге пергамент төсеп, оған тарталеткаларды салыңыз. Жақсылап қыздырылған духовкаға 10-15 минутқа қызарғанша салып қойыңыз.
7.Балқытылған ірімшік қосылған тарталеткалар дайын болғанда дастарқанға қалауыңызға қарай балғын көкөністерді немесе дәміне қарай көк шөп қосып, дастарқанға қоюға болады.