Ірімшік қосылған, макароннан дайындалған көмеш
артқа- Саңырауқұлақ және ысталған ет қосылған, ыстық тағамдарға арналған Hochland тілімдері - 150 г 1 қаптама
-
Rigate пастасы («бақалшықтар») - 200 г
-
Цукини немесе кәді - 1 дана
-
Қызыл болгар бұрышы - 2 дана
-
Зәйтүн майы - 1 ас қасық
-
Сарымсақ - 1/2 бөлік
-
22% кілегей- 100 мл
-
Сарымай - 1 ас қасық
-
Песто тұздығы - 1 ас қасық
-
Тұз – дәміне қарай
1.Пастаны тұздалған суға "аль-денте" күйіне дейін қайнатыңыз. Кәкпірге салыңыз.
Алдын ала қыздырылған табаға зәйтүн майын құйып, ірілеп төртбұрыштап туралған болгар бұрышын, жұқа цукини тілімдерін және ұсақтап туралған сарымсақ салып, қуырыңыз. Кілегей құйып, қайнатыңыз да, Песто тұздығын қосыңыз.
2.Қалыптың шеттеріне сарымай жағып, оған Rigate ("бақалшық") дайын паста қабатын салыңыз, кілегей-көкөніс тұздығын құйыңыз, дайын пастаның тағы бір қабатын салыңыз да, саңырауқұлақ және ысталған ет қосылған Hochland тілімдерімен жабыңыз.
3. 220 ˚С-қа дейін қыздырылған духовкаға 15 минут пісіріңіз.
4. Дастарқанға ыстық күйінде қойыңыз.