Ауылдағыдай дайындалған картоп сорпасы

Артқа
Ауылдағыдай дайындалған картоп сорпасы
Ингредиенттер:
  • • Қаймақ – 150 г
  • • Майонез – 50 г
  • • Картоп – 1,5 кг
  • • Зәйтүн майы – 20 мл
  • • Басты пияз – 40 г
  • • Сарымсақ – 2 бөлік
  • • Тауық етінің сорпасы – 400 мл
  • • Сүт – 500 мл
  • • Ұн – 40 г
  • Тауық етінің сорпасы – 400 мл
  • • Пармезан ірімшігі – 30 г
  • • Тұз – 0,05 г
  • • Ұнтақталған қара бұрыш – 0,05 г
  • • Бекон – 50 г
  • • Көк пияз – 10 г

Пісіру:
1. Қаймақ, майонез және 0,25 стақан сүт қосып, көпсітіңіз. Бетін жауып, тоңазытқышқа қойыңыз. Зәйтүн майы құйылған түбі қалың кәстрөлді орташадан сәл көптеу отқа қыздырыңыз. Ұсақтап туралған басты пияз қосып, қызарғанша 4 минуттай қуырып, үгітілген сарымсақ қосып, тағы 1 минут қуырыңыз. Тауық сорпасын құйыңыз да, орташа төртбұрыштап туралған картоп салыңыз, қоспаны қайнатыңыз, содан кейін оттың астын басып, картоп дайын болғанша пісіріңіз. Осы уақыт аралығында майсыз табаға ұсақтап туралған беконды қуырыңыз. Көк пиязды тураңыз.  

2. 2 стақан сүт, 0,25 стақан ұн және қоспаны мұқият көпсітіп, қоспаны сорпаға құйыңыз. Картоп пішінін жоғалтпас үшін үзбей араластырып қайнатыңыз.

3. Отты ең баяу деңгейіне дейін басып, тоңазытқыштағы қоспаны қосып, ұнтақталған пармезан сеуіп, араластыра отырып, 120 г Бистро Чеддер ірімшігін  , тұз және бұрыш қосыңыз. Үзбей араластыра отырып, 5 минуттай пісіріңіз. Әр үлесіміне қуырылған бекон және ұсақтап туралған көк пияз қосып, картоп-ірімшік сорпасын дастарқанға қойыңыз.

Басып шығару

В рецепте используется:
Тілімделген "Бистро Чеддер" балқытылған ірімшігі

Пісіруді үйреніңіз
Рецептпен танысыңыз