Тауық еті қосылған дәмді көмеш

артқа
Тауық еті қосылған дәмді көмеш
Басты ингридиент
Балқытылған ірімшік кілегейлі, 200 гр.
Өнім жайлы ақпарат
Ингредиенттер
  • Зәйтүн майы — 2 ас қасық
  • Пияз — 1 дана
  • Сәбіз — 2-3 дана
  • Ақ шарап — 70 мл
  • Майлы кілегей — 200 мл
  • Қыша — 1-2 шай қасық
  • Hochland балқытылған ірімшігі — 150 г
  • Тұз — дәміне қарай
  • Бұрыш — дәміне қарай
  • Жебіршөп — дәміне қарай
  • Тауық еті (дайын) — 350 г
  • Асжапырақ — 100 г
  • Картоп — 350 г
  • Сарымай — 40 г
Дайындау
1.
Пияз және сәбізді ұсақ төртбұрыштап турап, жұмсарғанша қуырыңыз. Шарап қосып, қайнатыңыз, 2-3 минуттай бұқтырыңыз.
2.
Кілегей, қыша қосып, араластырыңыз да, қайнатыңыз.
3.
Балқытылған ірімшік, тұз, бұрыш, жебіршөп қосыңыз.
4.
Тауық етінің талшықтарын, асжапырақ қосып, 1 минуттай дайындаңыз.
5.
Массаны ыстыққа төзімді қалыпқа салыңыз.
6.
Бетіне картоптың тілімдерін қойыңыз. Картопқа ерітілген сарымай жағып, бұрыш пен тұз себіңіз.
7.
200 °C температурада 30 минут немесе қызарғанша пісіріңіз. Дастарқанға қояр кезде талғамыңызға қарай безендіріңіз.