Баварша дайындалған алма торты

артқа
Баварша дайындалған алма торты
Басты ингридиент
«Аспаздыққа арналған» Hochland сүзбе ірімшігі, 400 гр.
Өнім жайлы ақпарат
Ингредиенттер
Аспаздыққа арналған Hochland сүзбе ірімшігі —400 г

ШЕЛПЕККЕ
  • Сарымай —125 г
  • Қант —80 г
  • Бидай ұны—250 г
  • Ванилин —1 шөкім
САЛМАҒА Аспаздыққа арналған Hochland сүзбе ірімшігі —400 г
  • Қант — 100 г
  • Ванилин —1 шөкім
  • Тосап —60 г
  • Тауықтың жұмыртқасы —2 дана
ТОППИНГКЕ
  • Алма—3 дана
  • Қант—35 г
  • Даршын—0.5 шай қасық
  • Бадам (бадам "жапырақшалары") —60 г

Дайындау
  1. 1.Шелпекке: жұмсартылған сарымай, қант және ванильді крем тәрізді масса алынғанша араластырыңыз.
  2. 2.Ұн қосып, жақсылап араластырыңыз. Қамыр қаттылау болады.
  3. 3.Қамырды қалыпқа салыңыз (диаметрі 23-24 см), шеттерін шығарыңыз.
  4. 4.Шелпекке қалауыңызға қарай, кез келген тосап жағыңыз.
  5. 5.Крем дайындау үшін: Аспаздыққа арналған Hochland сүзбе ірімшігі, қант және ванильді біртекті масса алынғанша көпсітіңіз. Жұмыртқа қосыңыз. Әр жұмыртқаны қосқан сайын массаны қайта көпсітіңіз.
  6. 6.Шелпектің бетіне крем салыңыз.
  7. 7.Топпингке: алманы тазартып, орташа бөліктерге бөліп тураңыз. Оларды даршынмен және қантпен араластырып, крем жағылған қабатқа салыңыз.
  8. 8.Бадам "жапырақтарын" себіңіз, алдын ала 180 градусқа дейін қыздырылған духовкада 60-70 минут пісіріңіз.
  9. 9.Дастарқанға қояр алдында салқындатып, балғын даршынмен немесе қант ұнтағымен безендіріңіз.
  10. 10.Асыңыз дәмді болсын!

БАСҚА РЕЦЕПТІЛЕР