Карамельденген пияз қосылған бургер

артқа
Карамельденген пияз қосылған бургер
Басты ингридиент
Hochland ыстық асқа арналған балқытылған ірімшігі тілімдеп кесілген, саңырауқұлақ және сүрленген етпен
Өнім жайлы ақпарат
Ингредиенттер
  • Пияз — 1½ дана
  • Балғын жебіршөп — 4 бұта
  • Жартылай құрғақ қызыл шарап — 1-2 ас қасық
  • Қант — 1 шай қасық
  • Сиырдың-шошқаның тартылған еті — 600 г
  • Тұз, бұрыш, ысталған паприка — дәміне қарай
  • Ыстық тағамдарға арналған Hochland балқытылған ірімшігі — 3 тілім
  •  Бургерге арналған тоқаш — 3 дана
  •  Руккола — дәміне қарай
  •  Сарымай, өсімдік майлары — қуыруға арналған

3 үлесімге қажет ингредиент.

Дайындау
1.
Жартылай домалақтап туралған пиязды сарымайға 10 минут қуырыңыз.
2.
Жебіршөп, шарап, қант, тұз, бұрыш қосып, 10 минут бұқтырыңыз.
3.
Тартылған етке тұз, бұрыш және ысталған паприка қосып, араластырыңыз.
4.
Котлет жасап, екі жағын да өсімдік майына қуырыңыз.
5.
Ыстық котлеттің бетіне ірімшіктің тілімдерін қойыңыз.
6.
Екіге бөлінген тоқаштың бір жағын құрғақ табаға қызарғанша қуырыңыз.
7.
Бургерді жинаңыз.