Кәді және сүзбелі ірімшік қосылған саңырауқұлақ паштеті

артқа
Кәді және сүзбелі ірімшік қосылған саңырауқұлақ паштеті
Басты ингридиент
«Аспаздыққа арналған» Hochland сүзбе ірімшігі, 400 гр.
Өнім жайлы ақпарат
Ингредиенттер
  • Аспаздыққа арналған» Hochland сүзбе ірімшігі —150 г
  • Кәді – 500 г
  • Жаңа піскен саңырауқұлақтар – 350 г
  • Түйінді пияз – 1 дана
  • Сәбз – 1 дана 
  • Сарымсақ – 2 түйір
  • Мускат жаңғағы – дәміне қарай
  • Карри – дәміне қарай
  • Ұнтақталған кориандр – дәміне қарай
  • Ұнтақталған қара бұрыш – дәміне қарай
  • Тұз – дәміне қарай
  • Петрушка немесе укроп – 1/2 сабағы
  • Қуыруға арналған өсімдік майы
Дайындау
  1. Кәдіні ірі үккіштен өткізіп, тұздаңыз. Кәдіні елекке салып, сұйықтығы ағып кету үшін жарты сағатқа қалдырыңыз.
  2. Саңырауқұлақтар мен пиязды ұсақтап тураңыз. Сәбізді үккіштен өткізіңіз.
  3. Пиязды мөлдір болғанша қуырып, сәбіз қосып, тағы бірнеше минут қуырыңыз. Саңырауқұлақтарды қосып, сұйықтық толығымен қайнатылғанша пісіріңіз.
  4. Кәдіні сығып, бірнеше минут өсімдік майымен бұқтырыңыз.
  5. Сұйықтық буланған кезде майдалап туралған аскөк пен сарымсақты қосыңыз.
  6. Саңырауқұлақтар мен кәді салқындаған кезде бәрін бірге блендерде ұсақтаңыз. «Аспаздыққа арналған» Hochland сүзбе ірімшігін қосып, тағы ьр рет ұсақтаңыз.
  7. Қызмет көрсетпес бұрын, тостталған нанның кесектерін дайындалған пастаға жайып, көкпен безендіріңіз.
  8. Асыңыз дәмді болсын!

БАСҚА РЕЦЕПТІЛЕР