Түлкішектен дайындалған крем-сорпа

артқа
Түлкішектен дайындалған крем-сорпа
Басты ингридиент
Балқытылған ірімшік кілегейлі, 100 гр.
Өнім жайлы ақпарат
Ингредиенттер
Дайындау
1.Саңырауқұлақты мұқият жуып, ұсақтап тураңыз. Содан кейін су құйып, 15 минут қайнатыңыз. Түлкішекті қайнатқан кезде үлдір түзілуі мүмкін, оны алып тастау керек.
2.Көк пиязды жуып, турап, 2 минут сарымайға қуырыңыз.

3.Сол табаға жұқалап, домалақтап туралған сәбіз тілімдерін қосыңыз. Араластыра отырып, тағы бірнеше минут қуырыңыз.
4.Түлкішекті пісіргеннен кейін туралған картоп қосып, тағы 10-15 минут пісіріңіз.

5.Картоп піскен кезде қуырылған пияз бен сәбіз, балқытылған ірімшік, бұрыш және тұз, райхан қосыңыз.