Көмеш паста

артқа
Көмеш паста
Басты ингридиент
«Аспаздыққа арналған» Hochland сүзбе ірімшігі, 400 гр.
Өнім жайлы ақпарат
Ингредиенттер
  • Аспаздыққа арналған сүзбе ірімшігі— 100 г
  • Ригатони пастасы — 200 г
  • Тауықтың жон еті — 450 г
  • Басты пияз — 1 дана
  • Болгар бұрышы — 1 дана
  • Тұз, қара бұрыш, орегано — дәміне қарай
  • Қызанақ тұздығы — 400 г
  • Қатты ірімшік, ветчина —100 г
  • Көк шөп — безендіру үшін
  • Өсімдік майы — қуыруға арналған
  • 100 г — 141 ккал
Дайындау
1.
Пастаны пісіріңіз (пісіру дәрежесі — al dente).
2.
Тауық етін орташа тілімдеп тураңыз. Қыздырылған майға қызарғанша қуырыңыз. Пиязды және бұрышты бөлек ұсақтап, жұмсарғанша қуырыңыз.
3.
Көкөністерге тауық етін қосып, асқатықпен дәмін келтіріп, араластыра отырып, бірнеше минут пісіріңіз.
4.
Сүзбе ірімшігін қызанақ тұздығымен араластырыңыз. Қажет болған жағдайда қоспаны тұзы және татымдылығы жағынан түзетіңіз. Қоспаны көкөністер қосылған етке қосыңыз.
5.
Пастаны, ұнтақталған ветчинаны қосып, араластырыңыз.
6.
Массаны термотөзімді қалыпқа салыңыз. Бетіне ұнтақталған ірімшік себіңіз.
7.
190 °C температурада қызарғанша 20 минуттай пісіріңіз.
8.
Дастарқанға қояр кезде көк шөппен безендіріңіз.

БАСҚА РЕЦЕПТІЛЕР