Кілегей-саңырауқұлақ сорпасы

артқа
Кілегей-саңырауқұлақ сорпасы
Басты ингридиент
«Аспаздыққа арналған» Hochland сүзбе ірімшігі, 400 гр.
Өнім жайлы ақпарат
Ингредиенттер

  • Сарымай — 2 ас қасық
  • Сарымсақ — 3-4 бөлік
  • Пияз — 1 дана
  • Аспа саңырауқұлақ — 250 г
  • Қозықұйрық — 350 г
  • Қыша — 1 ас қасық
  • Көкөніс сорпасы — 1 л
  • Майлы кілегей — 350 мл
  • Балғын жебіршөп — дәміне қарай
  • Аспаздыққа арналған Hochland сүзбе ірімшігі — 140 г
  • Тұз — дәміне қарай
  • Бұрыш — дәміне қарай
  • Кесіліп қуырылған нан, көк шөп — дастарқанға қою үшін
Дайындау
1.
Қыздырылған сарымайға туралған сарымсақ және пиязды қуырыңыз.
2.
Туралған саңырауқұлақ қосып, араластыра отырып, 10-15 минут қуырыңыз.
3.
Қыша, сорпа, кілегей, жебіршөп қосыңыз. Мұқият араластырып, қайнатыңыз.
4.
Сүзбе ірімшігін араластырып, оны ерігенше дайындаңыз. Сорпаны орташа отта қалаған консистенцияға дейін жеткізіңіз.
5.
Тұз және бұрыш қосып, оттан алыңыз. Кесіліп қуырылған нан, ұнтақталған көк шөп және жебіршөп бұтақтарын қосып, дастарқанға қойыңыз.

БАСҚА РЕЦЕПТІЛЕР