Авокадо қосылған бургер

артқа
Авокадо қосылған бургер
Басты ингридиент
Балқытылған ірімшік кілегейлі
Өнім жайлы ақпарат
Ингредиенттер

  • Сиырдың тартылған еті — 500 г
  •  Басты пияз — 1 дана
  •  Сарымсақ — 2 бөлік
  •  Тұз, бұрыш, паприка — дәміне қарай
  • Классикалық, кілегейлі Hochland балқытылған ірімшігі — 2 тілім
  • Майонез — 4 ас қасық
  •  Ащы тұздық — ½ шай қасық
  •  Авокадо — 1 дана
  •  Бургерге арналған тоқаш — 2 дана
  •  Салат көк шөбі — дәміне қарай
  •  Өсімдік майы — қуыруға арналған
Дайындау
1.
Майонезді ащы тұздықпен және паприкамен араластырыңыз.
2.
Ұсақтап туралған пияз бен сарымсақты қызарғанша қуырыңыз.
3.
Тартылған етке тұз, бұрыш, қуырылған пияз бен сарымсақ қосып, араластырыңыз.
4.
Котлеттерді қуырыңыз, дайын болуына бір минут қалғанда бетіне ірімшік қойыңыз.
5.
Екіге бөлінген тоқаштың бір жағын қақтама табаға қызартып алыңыз.
6.
Бургерді жинаңыз.