Қытырлақ тауық еті қосылған сэндвич

артқа
Қытырлақ тауық еті қосылған сэндвич
Басты ингридиент
Балқытылған ірімшік кілегейлі
Өнім жайлы ақпарат
Ингредиенттер

  • Тост — 4 дана
  • Тауықтың жон еті — 350 г
  • Жұмыртқа — 1 дана
  • Кепкен нан ұнтағы, ұн — 100 грамнан
  • Кілегейлі, классикалық Hochland балқытылған ірімшігі — 4 тілім
  • Майонез, қызанақ тұздығы — 2-3 ас қасықтан
  • Пісірілген сарымсақ — 4-5 бөлік
  • Қияр — 1 дана
  • Қызанақ — 1-2 дана
  • Тұз, бұрыш, салат көк шөбі — дәміне қарай
  • Өсімдік майы — қуыру үшін
Дайындау
1.
Тауықтың жон етін аздап жаншып, тұз, бұрыш қосып, дәмін келтіріңіз.
2.
Ұнға аунатып, содан кейін көпсітілген жұмыртқаға малып, кептірілген нанға аунатыңыз.
3.
Екі жағын да өсімдік майына қуырыңыз.
4.
Піскен сарымсақты ұнтақтап, майонез және қызанақ тұздығын қосыңыз.
5.
Тосттың бір жағына тұздық жағыңыз.
6.
2 тостқа салат жапырағын салып, тауық етін қосып, жаншылған етке тұздық жағыңыз.
7.
Ірімшік, қияр тілімін және қызанақ тілімін қосыңыз.
8.
Қалған тосттармен жабыңыз.