Ірімшік, шөп және қызанақтан дайындалған салма қосылған қатпарлы бүкпелер
артқа
- Ыстық тағамдарға арналған, саңырауқұлақ және ысталған ет қосылған Hochland тілімдері - 150 г 1 қаптама
-
Ашытқысыз қатпарлы қамыр - 250 г
-
Тауықтың жұмыртқасы - 1 дана
-
Күнжіт дәндері - 1 шөкім
-
Көлемі орташа қызанақ - 1 дана
-
Сүйексіз жасыл зәйтүн - 30 г
-
Сарымсақ - 1/2 бөлік
-
Күнзе - 3 бұта
-
Ақжелкен - 2 бұта
-
Сарымсақ, тұз, бұрыш – дәміне қарай

1.Дайын қатпарлы қамырды оқтаумен аздап жайып, 4 шаршыға кесіңіз.
2.Қызанақты төртбұрыштап турап, елеуішке салып, артық ылғалын алып тастаңыз.
3.Қызанақты төртбұрыштап тураңыз, ұсақтап туралған зәйтүн, сарымсақ және ұсақтап туралған шөптер қосыңыз.
4.Қамырдың әрбір шаршысының ортасына Hochland тілімін салыңыз.
5.Hochland тіліміне бір қасық қызанақ пен шөптің хош иісті қоспасын салыңыз.
6.Шаршылардан бүкпе жасап, қамырдың жоғарғы шетінен бастап бекітіңіз, пергамент төселген противеньге салыңыз.
7.Қылқаламның көмегімен бүкпені жұмыртқа және су қоспасымен майлаңыз, күнжіт тұқымын себіңіз.
8. 220 ˚С дейін алдын ала қыздырылған духовкада 20 минут пісіріңіз.