Қызанақ және ірімшік қосылған цукиниден жасалған орамалар

артқа
Қызанақ және ірімшік қосылған цукиниден жасалған орамалар
Басты ингридиент
Балқытылған ірімшік кілегейлі, 200 гр.
Өнім жайлы ақпарат
Ингредиенттер

Дайындау
1.
Кәдіні жуып, көлденеңінен қалыңдығы 5 мм болатындай етіп тілімдеп тураңыз (тазалау қажет емес). Тұз қосып, 10 мин. қалдырыңыз.
2.
Содан кейін өсімдік майын табаға қыздырып, туралған цукиниді екі жағынан қуырыңыз. Артық майы ағып кетуі үшін қағаз сүлгі төселген тәрелкеге салыңыз. Салқындатыңыз.
3.
Орамаға арналған салманы дайындаңыз. Ол үшін астаушаға салынған Hochland балқытылған ірімшігіне сығылған сарымсақ және қаймақ қосыңыз. Бәрін жақсылап араластырыңыз.
4.
Қызанақты көлденеңінен жолақтарға бөліп тураңыз. Көк шөпті жуып, ұсақ бұтақтарын жұлып тастаңыз.
5.
Цукини жолақтарын тәрелкеге салыңыз, әрбір жолақтың бір жағына ірімшік қоспасын жағыңыз. Ал анағұрлым жалпақ шетіне қызанақ жолағын және аздаған көк шөп қосыңыз. Ораманы мұқият орап, шпажкамен бекітіңіз.
6.
Нәрлі әрі әсерлі тіскебасарды салат жапырақтарының бетіне салып, дастарқанға қойыңыз. Асыңыз дәмді болсын!