Қозықұйрық қосылған ірімшікті сорпа

артқа
Қозықұйрық қосылған ірімшікті сорпа
Басты ингридиент
Балқытылған ірімшік кілегейлі, 200 гр.
Өнім жайлы ақпарат
Ингредиенттер
Дайындау

1.Табаны қыздырып, оған аздаған өсімдік майын құйыңыз. Ұсақтап туралған пияз қосып, бір-екі минутқа қалдырыңыз.

 

2.Әрі қарай ірілеп туралған қозықұйрық қосыңыз. 15-20 минут баяу отта дайындаңыз. Дәміне қарай тұз қосыңыз.

3.Осы уақытта кәстрөлге 1,5 литр су құйыңыз, қайнатыңыз және оған балқытылған ірімшікті ерітіңіз, үзбей араластырыңыз. Қайнатып, 2-3 минут күте тұрыңыз.  

4.Дайын қозықұйрықты ірімшік сорпасы бар кәстрөлге салып, баяу отта 2-3 минут пісіріңіз. Сарымай қосыңыз.

5.Кептірілген нан дайындау үшін батонды төртбұрыштап турап, өсімдік майы жағылған противеньге немесе табаға қойыңыз, қыздырылған духовкаға (200 градусқа дейін) 5-7 минутқа қойыңыз, содан кейін оны алып, сорпамен бірге дастарқанға қойыңыз. Кептірілген нанды және көк шөпті тәрелкеге бөлек-бөлек салып беріңіз.