Жаңғақ және шоколад қосылған чизкейк

Артқа
Жаңғақ және шоколад қосылған чизкейк
Ингредиенттер:
  • Үгілмелі печенье – 150 г
  • Сарымай – 70 г
  • Cremette Professional сүзбе ірімшігі – 650 г
  • Майлы кілегей – 200 мл
  • Жұмыртқа – 2 дана.
  • Қант – 200 г
  • Ванильді қант – 5 г
  • Фундук – 100 г
  • Қара шоколад – 150 г
  • Тұз – 0,05 г

Пісіру:
Алмалы-салмалы қалыпқа пісіруге арналған қағаз төсеңіз, қағаздың шеттері қалыптың шетінен 2-3 см биігірек шығып тұруы керек, ал қалыптың ернеуі мен оның түбінің арасында ешқандай саңылау болмауы керек. Сыртынан қалыпты фольгамен мықтап ораңыз. Духовканы 160 градусқа дейін қыздырыңыз.
2. Блендерге печеньені ұнтақтаңыз да, ерітілген сарымаймен араластырыңыз. Қоспаны қалыптың түбіне салыңыз, мықтап нығыздаңыз, тегістеңіз. Тоңазытқышқа 20-30 минутқа салып қойыңыз. Сүзбе ірімшікті көпсітіңіз. Қант пен ванильді қантты кілегеймен барынша көпіргенше көпсітіңіз де, ірімшікпен араластырыңыз. Жұмыртқа, тұз қосып, мұқият араластырыңыз немесе миксердің ең төменгі жылдамдығымен көпсітіңіз. Массаны қалыпқа құйыңыз.
3. Қалыпты су моншасына қойыңыз. Духовкада 160 градус температурада 70-75 минут пісіріңіз. Дайын болғанын тексеру: қалыпты шайқасаңыз, дайын чизкейктің ортасы аздап қозғалады. Толық салқындағанша тортты духовкада қалдырыңыз, содан кейін тоңазытқышқа кемінде 8 сағатқа салып қойыңыз.
4. Жаңғақты ірілеп тураңыз, 100 г қантты табаға карамельдеп, жаңғақ қосып, 1 минут қуырыңыз, пергаментке салып, салқындатып, пышақпен ұсақтаңыз. Шоколадты ерітіңіз. Дастарқанға қояр алдында чизкейкке шоколад құйып, жаңғақ себіңіз.

Басып шығару

В рецепте используется:
Cremette Professional сүзбе ірімшігі

Пісіруді үйреніңіз
Рецептпен танысыңыз