Панчетта және қызанақ қосылған киш

Артқа
Панчетта және қызанақ қосылған киш
Ингредиенттер:
• Ұн – 300 г
• Сарымай – 150 г
• Порей пиязы – 130 г
• Панчетта – 120 г (текшелеп тураңыз)
• Кілегей – 300 мл
• Жұмыртқа — 4 
• Cremette сүзбе ірімшігі – 200 г
• Туралған жасыл ақжелкен – 15 г
• Черри қызанағы – 10 дана.
• Тұз – 3 г
• Ұнтақталған қара бұрыш

Пісіру:
1. Ұн, текшеге бөлінген 100 г сарымай, 100 мл су қосып, үгілмелі қамыр илеңіз. Тоңазытқышқа 1 сағатқа салыңыз.
2. Порей пиязын ұсақтап турап, панчеттамен бірге қалған сарымайға 10 минуттай қуырыңыз. Жұмыртқаға кілегей қосып көпсітіп, сүзбе ірімшігін, көк пияз, пияз және панчеттаны қосыңыз. Тұз және бұрыш қосыңыз.
3. Қамырды қабаттап жайып, оны кишқа арналған қалыпқа салып, 6 см ернеу жасаңыз. Қамырға салманы құйып, бетіне қызанақтың жартысын салып, духовкаға 200 градус температурада 35-45 минут пісіріңіз.

Басып шығару

В рецепте используется:
Cremette Professional сүзбе ірімшігі