Сүзбе ірімшік және шалғам қосылған жеңіл краб салаты

артқа
Сүзбе ірімшік және шалғам қосылған жеңіл краб салаты
Басты ингридиент
«Аспаздыққа арналған» Hochland сүзбе ірімшігі, 400 гр.
Өнім жайлы ақпарат
Ингредиенттер
Дайындау
  1. 2 жұмыртқаны суға пісіріп, тазалап, текше етіп кесіңіз.
  2. Жаңа піскен қияр, краб таяқшалары және шалғамды текше етіп кесіңіз. Жүгері және туралған жұмыртқаны қосып, дәміне қарай тұздап, бұрыш салып, лайм шырынын себезгілеп, араластырыңыз.
  3. Аспаздыққа арналған Hochland сүзбе ірімшігін қаймақ, цедра және лайм шырынын араластырып, дәміне қарай тұздап, бұрыш салыңыз.
  4. Салатты ірімшік тұздығымен тұздықтап, жақсылап араластырыңыз.
  5. Дөңестеу етіп табаққа салыңыз, черри, аскөк жапырақтары лайм цедрасымен безендіріңіз..

БАСҚА РЕЦЕПТІЛЕР