Салма қосылған, пісірілген картоп

артқа
Салма қосылған, пісірілген картоп
Басты ингридиент
«Аспаздыққа арналған» Hochland сүзбе ірімшігі, 400 гр.
Өнім жайлы ақпарат
Ингредиенттер
  • Аспаздыққа арналған сүзбе ірімшігі— 120 г
  • Пісірілген картоп — 4 дана
  • Жұмыртқаның сарысы — 3 дана
  • Тәтті бұрыш — 100 г
  • Ұнтақталған паприка, тұз, бұрыш — дәміне қарай
  • Сарымай — қалауыңызға қарай
  • Қуырылған бекон — 150 г
  • Көк шөп, қаймақ — дастарқанға қою үшін

На 100 г — 198 ккал

Дайындау
1.
Пісірілген картопты екіге бөліп тураңыз. Өзегін абайлап алып тастаңыз.
2.
Алдын ала қуырылған беконды туралған тәтті бұрышпен, аспаздыққа арналған сүзбе ірімшігімен, жұмыртқаның сарысымен, тұз және ұнтақталған бұрышпен араластырыңыз.
3.
Картоптың жартысына массаны жентектеп салыңыз. Балғын паприканы себіңіз.
4.
180 °C температурада 15-20 минут пісіріңіз.
5.
Қаймақ пен көк шөп қосып, дастарқанға қойыңыз.

БАСҚА РЕЦЕПТІЛЕР