Шоколадты чизкейк

артқа
Шоколадты чизкейк
Басты ингридиент
«Аспаздыққа арналған» Hochland сүзбе ірімшігі, 400 гр.
Өнім жайлы ақпарат
Ингредиенттер
  • Аспаздыққа арналған Hochland сүзбе ірімшігі — 370 г
  • Сарымай — 225 г
  • Қант — 345 г
  • Жұмыртқаның сарысы — 197 г
  • Ұн — 300 г
  • Какао — 40 г
  • Қопсытқыш —  10 г
  • Тұз — 1 шай қасық
  • Печенье — 5 дана
  • Кілегей —  75 г
  • Қант ұнтағы —  60 г
  • Шоколад — 100 г
  • Жүгері крахмалы — 40 г
  • Ақуыз — 90 грамм
Дайындау
  1. Жұмсақ майды қантпен (190 г) бірге көпсітіңіз. Көпсітуді жалғастыра отырып, жұмыртқаның сарысын бір-бірден (барлығы 112 г) қосыңыз.
  2. Жеке ыдысқа ұн, какао және қопсытқышты, тұз бен шоколадты печенье кесектерін араластырыңыз. Алынған қоспаға май және жұмыртқаның сарысын қосыңыз. Қамырды мұқият илеңіз.
  3. Қамырды қалыпқа салыңыз (диаметрі шамамен 26 см), шеттерін шығарыңыз. 20 минутқа тоңазытқышқа қойыңыз.
  4. Табаға кілегей құйып, араластыра отырып, жылытыңыз. Шоколад тақтасын бөліктерге бөліп, кілегейге қосыңыз. Шоколад толық ерігенде табаны плитадан алып, қант ұнтағын қосыңыз. Мұқият араластырыңыз.
  5. 40 г жүгері крахмалы мен 20 г бидай ұнын жеке араластырыңыз.
  6. Жеке ыдысқа Аспаздыққа арналған Hochland сүзбе ірімшігі мен кілегей-шоколад пастасын араластырыңыз. Біртекті болғанша араластырыңыз.
  7. Блендерге қалған жұмыртқаның сарысы мен қантты (85г) біртекті болғанша араластырыңыз. Алынған қоспаны сүзбе-шоколад массасына қосыңыз. Крахмал мен ұнның қоспасын қосыңыз.
  8. Мұқият араластырыңыз.
  9. Тығыз көпіршік пайда болғанша ақуыз бен қалған қантты көпсітіңіз.
  10. Көпсітілген ақуызды сүзбе-шоколад массасына қосып, мұқият араластырыңыз.
  11. Духовканы 160 градусқа дейін қыздырыңыз («Конвекция» режимін қолданған дұрыс).
  12. Сүзбе-шоколад массасын салқындатылған шелпекке салыңыз. 40 минут пісіріңіз.
  13. Толық салқындағаннан кейін ғана дастарқанға қойыңыз. Қант ұнтағымен және жидектермен безендіруге болады.
  14. Асыңыз дәмді болсын!

БАСҚА РЕЦЕПТІЛЕР