Асжапырақ және сүзбе ірімшігі қосылған тіскебасар

артқа
Асжапырақ және сүзбе ірімшігі қосылған тіскебасар
Басты ингридиент
«Аспаздыққа арналған» Hochland сүзбе ірімшігі, 400 гр.
Өнім жайлы ақпарат
Ингредиенттер
  • Аспаздыққа арналған Hochland сүзбе ірімшігі - 56 гр.
  • Май - 7 гр.

  • Асжапырақ - 100 гр.

  • 20% кілегей - 83 гр.

  • Өсімдік майы - 2 ас қасық

  • Салатқа арналған төртбұрыштап туралған қызанақ - 24 гр.

  • Туралған ақжелкен - 2 гр.

  • Жүгері шелпектері - 4 дана

  • Ірі теңіз тұзы – дәміне қарай

  • Ірілей тартылған бұрыш – дәміне қарай

  • Лимон шырыны – дәміне қарай


Дайындау
  1. Асжапырақты алдын ала жуып, құрғатыңыз.
  2. Қыздырылған табаға өсімдік майы, кілегей, тұз және бұрыш қосыңыз.
  3. Кілегейді қайнатыңыз, асжапырақ қосып, ол солғанша қайнатыңыз. Тұз және қара бұрыш қосып, мұқият араластырыңыз.
  4. Қызуын азайтып, қоспаға аспаздыққа арналған Hochland сүзбе ірімшігін қосып, біртекті болғанша жақсылап араластырыңыз.
  5. Оттан алып тастап, лимон шырынын, қызанақ төртбұрыштарын, туралған ақжелкенді қосып, араластырыңыз.
  6. Дайын тағамды жүгері шелпегіне мұқият салыңыз.

БАСҚА РЕЦЕПТІЛЕР